facebook youtube twitter

Валюталар мен ақшалар

ВАЛЮТА, АҚША ЖӘНЕ БАНК ОПЕРАЦИЯЛАРЫ 

Ақшалай бірлік

Ақша бірлігі қазақстандық теңге (KZT).

Келесі купюралар айналымда:

Банкноттар: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 және 20000 қазақстандық теңге.

Монеталар: 1, 2, 5, 10, 20, 50 және 100 қазақстандық теңге.

АҚШ доллары, Еуро және Ағылшын фунт стерлингтерін банктер мен айырбас пункттерінен айырбастауға болады.

Несие карталары 

Қазақстанның банктік жүйесі көптеген халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Несие/ дебеттік карталарын әдетте операцияларды жүзеге асыру үшін қолданады. Бірақ бөлшек, кішігірім сауда нүктелерінде, қоғамдық тамақтану пункттерінде және таксиде, әдетте ақшалай төлемақы жасағанды қалайды. Көптеген халықаралық несие карталарының көбі,  оның ішінде AmericanExpress, Visa және DinersClub  ірі қонақ үйлерде, дүкендерде және Алматы мен Астана қаласының мейрамханаларында қабылданады.  Осы екі негізгі қаланың шеңберінде несие карталарын қабылдау шектелген. Жекелей алғанда, AmericanExpress жол чектерін Алматы қаласының банктерінен ауыстыруға болады. Банкоматтар, банктердің бөлімшелері және айырбастау пункттері Астана мен Алматыда кең желіге ие.

Келесі сілтемелер бүкіл әлем бойынша банкоматтар/ банктердің орналасқан жері туралы пайдалы ақпаратты ұсынады:

American Express

(www.amexnetwork.com/atmfinder/);

MasterCard

(www.mastercard.com/us/personal/en/cardholderservices/atmlocations);

Visa

(http://visa.via.infonow.net/locator/global).

Валюталық бақылау 

Валюталық ережелер қарапайым жол шығындарының негізіндегі валюталардың импорты мен экспортына жатады және өзгертуге жатқызылады. Іссапарға жіберілген шетел мамандары жүйелі төлемдер мен капиталды төлемдер туралы толық ақпаратты алу үшін тиісті ұлттық банктен кеңес алуы керек.

Импорт/ экспорт бойынша валюталық ережелер

Қазақстанның азаматтары, сондай-ақ шетел қонақтары кедендік ережелерге сәйкес жасалатын болса жол чектері мен ақшалай қаражаттың (ұлттық және шетел валютасында) шектелмеген мөлшерін әкеле/ шығара алады. Әкелінетін/ шығарылатын ақшалай қаражат пен жол чектері егер 10000 АҚШ долларынан асатын болса кедендік декларациялауға жатқызылады.