facebook youtube twitter

Астана

Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.

Астананы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру шешімі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесімен 1994 жылдың 6 шілдесінде қабылданған. Астана ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанында көшірілді. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмола Астана атауына өзгертілді.  Жаңа астананың халықаралық презентациясы 1998 жылдың 10 маусымында өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімі бойынша «әлем қаласы» атауына ие болды. 2000 жылдан бастап Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясы мүшесі болып табылады.

Астана – Азияның ең солтүстік астанасы. Қазіргі кезде Астананың аумағы 722 шаршы метрден асады, халық саны – шамамен 853 мың адам. Қала үш ауданнан тұрады – «Алматы», «Сарыарқа»,  және «Есіл».

Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым-ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор-сазда уытты көлшіліктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде , оның күңгірт қоңыр , қоңыр топырақты,бетегелі-селеулі іші қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің ⅔ аумағын жадағай толқынды , суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бір-біріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.

Астананы ауыстыру Астананың экономикалық дамуына мықты қарқын берді. Қала экономикасының өсуінің жоғары қарқыны көптеген инвесторларды тартады. Астананың республикалық көлемде тартылған инвестициялардағы үлесі – 10%, республиканың экономикасындағы ІӨӨ үлесі - 10,2%.

Астана экономикасының негізін өнеркәсіптік өндіріс, көлік, байланыс, сауда және құрылыс құрайды.

Өнеркәсіптік өндіріс құрылыс материалдарын шығаруға, азық өнімдерін/ сусындарды шығаруға және машина құрылысына концентрацияланған. Қазақстанда көшбасшылық орынды Астана құрылыс металл бұйымдары, бетон, қолдануға дайын бетоннан құрылыс бұйымдарын шығару бойынша алады.

Қаланың ірі кәсіпорындарының арасында Целиноград вагон жөндеу зауыты, «Цесна-Астық» концерні, «Тұлпар-Тальго» ЖШС жолаушы вагорндарын жинау бойынша зауыт, «Еврокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС тікұшақтарын жинау бойынша зауыт және т.б. сияқты объектілерді атап өтуге болады.


Қала Қазақстандағы бизнестің ірі орталықтарының біріне айналды. Кәсіпкерлік мәдениеті де қарқынды дамып келеді – Астанада 128 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері жұмыс істейді. 

Астана елдегі құрылыс көлемі бойынша көшбасшы болып табылады. Астана астана мәртебесін алғаннан кейін 10 миллион шаршы метр тұрғын үйлер тұрғызылды. Астананың құрылысына жүздеген отандық және шетелдік құрылыс компаниялары қатысты.

Астананың сәулет тұжырымдамасын әзірлеу кезінде Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлерін үйлестіретін ерекше еуразиялық стилін астанада қалыптастыру туралы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы негізге алынды. Астананың бас жоспарының авторы белгілі жапония сәулеті Кисе Курокава болды. 


Біздің астананың басты символы, оның өзіндік «визиттік карточкасы» «Бәйтерек» кешені болды. Басқа да бірегей сәулет құрылыстарының арасында пирамида түрінде орындалған және белгілі британдық сәулетші Норман Фостер жобалаған «Бейбітшілік және келісім сарайын» айтуға болады, «Хан Шатыр» сауда сауықтыру орталығы –  әлемдегі ең биік шатырлы құрылыс, теңізден анағұрлым қашықтағы– «Думан», «Астана опера» опера және балет театры,  Орталық Азиядағы ірі мешіт «Хазрет Сұлтан», Аса қасиетті Богородица Успенияның құрметіне Кафедралды жиылыс, Аса қасиетті Дева Марияның Архиепархия рим-католик кафедралды жиылысы, синагог «Бейт Рахель Хабад Любавич», «Қазақстан» орталық концерт залы, «Қазақ елі» монументі, Қазіргі заманғы өнер мұражайы және Президенттің мәдени орталығы.

Астананың жаңа спорттық объектілерінің арасында - «Астана-Арена» жабық стадионы 30 мың адамға, «Сарыарқа» бірегей велотрек, 2011 жылы үздік деп танылған. Басқа маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес келетін «Алау», мұз сарайы.

Қазақстанның астанасы бүкіл елден түлектер үшін тарту орталығына айналды. Бұл жерде отандық білім беру флагмандары орналасқан: Назарбаев Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті  және басқалары  


Бүгінгі күні Астана түрлі форумдар, конгрестер және халықыралық мәні бар басқа да шараларды қабылдай отырып Еуразиялық кеңістіктің орталығына айналды. Астанада жүйелі негізде дүниежүзілік және дәстүрлі діндердің көшбасшылар Съездері, Астана экономикалық экономикалық форумы және халықаралық-мәні бар оқиғалар өтеді. Астанада ОБСЕ тарихи Саммиті өтті, ШОС және ОИС мерейлі саммиттері болды. 2011 жылдың басында республика астанасы VII Қысқы Азиаттық ойындардың қонақтары мен қатысушыларын қабылдады. 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтеді.

Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президентінің еркімен туған астана жалпы ұлттық идеяның мәртебесіне ие болды, жас мемлекеттік жаһандық сәттілігі мен тәуелсіздіктің символына айналды.
Өзінің Астананың 10 жылдық мерейтойына арналған бағдарламалық сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа астана қаласының дамуының философиясын айқын анықтады:

«Мұнда, Сарыарқаның ежелгі жерінде жай ғана астана туып қойған жоқ. Бұл келешек елдің бесігі. Астананың тарихы және қазақстандықтардың тағдырлары бір-бірінен ажырамайды. Астана қуатты жандандыру, біздің республикамыздың тұрақтылығы мен қарқынды дамуын іске асыру. Астана алға ұмтылған, барлық қазақстандықтарды біріктіретін жарқын, мықты, гүлденген ортаға айналды. Бүгінгі күні Астана және барлық Қазақстанда жүзден астам ұлт тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік және ынтымақтастық- Астана және жаңа Қазақстан құрылатын берік негіз».

Источник